Зияткерлік ойын оқыту әдісі ретінде: Академия тыңдаушылары прокурорлық қадағалау дағдыларын бекітті

2025 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау мәселелеріне арналған алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары үшін зияткерлік ойын өтті.

Іс-шара заманауи цифрлық платформаларды пайдалана отырып өтті, бұл процестің ашықтығын, жеңімпаздарды анықтаудың объективтілігін және қатысушылардың белсенділігін қамтамасыз етті.

Ойын қатысушыларға білімдерін бекітуге, аналитикалық ойлауды дамытуға және прокурорлық қадағалауды тиімді жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби дағдыларды игеруге көмектесті.

Интеллектуалдық ойын қорытындысы бойынша үздіктер дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz