2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында магистранттар үшін «Заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Сабақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен өзара ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында заң ғылымдарының кандидаты, Заңнама тиімділігін талдау бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Жанар Жадауованың қатысуымен ұйымдастырылды.
Дәріс барысында әртүрлі заңдық күші бар нормативтік құқықтық актілерді өзара байланыстыру тәсілдері, НҚА-ны талдау кезінде туындайтын типтік проблемалар, сондай-ақ реттеушілік әсер етудің қайшылықтары, коллизиялары мен кемшіліктерін анықтау әдістері қарастырылды. Заңнаманы талдау сапасын арттыруға мүмкіндік беретін практикалық мысалдар мен құралдарға ерекше назар аударылды.
Мұндай сабақтар құқық қолдану сапасын арттыруға және магистранттарды, докторанттарды оқытуда практикаға бағдарланған тәсілді нығайтуға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


