2025 жылғы 25 қыркүйекте «Көршіңді таны» пилоттық жобасы аясында Қосшы қаласында «Лесная поляна» тұрғын алабының тұрғындарымен «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс‑қимыл» тақырыбында кездесу өтті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура және қала әкімдігімен бірлесіп, цифрлық сауаттылықты арттыру және кибер-алаяқтықтың алдын алу мақсатында халықпен кездесу өткізді.
Мамандар ең көп таралған алдау схемалары – телефон алаяқтығы, интернет-алаяқтық, жалған ұтыс ойындары, инвестициялық пирамидалар және медицина саласындағы алаяқтық туралы айтып берді. Тұрғындарға қауіпсіз әрекет ету бойынша практикалық кеңестер ұсынылды.
Ашық диалог форматы қатысушыларға сұрақтар қойып, сауатты жауап алуға мүмкіндік берді. Кездесу «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған қадам болды.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


