2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл шебері – 2025» байқауын өткізді. Іс-шарада тындаушылар арасындағы көптілділіктің маңыздылығы және қазіргі қоғамдағы тиімді қарым-қатынас үшін мемлекеттік және шет тілдерін меңгерудің маңыздылығы атап өтілді.
Байқау бағдарламасы үш кезеңді қамтыды: «Елтаным» – Қазақстан туралы сұрақтар, «Сөзтаным» – мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер білімін тексеру, «Ойтаным» – эссе және жобалық идеяларды қорғау. Қазылар алқасының құрамында Академия өкілдері мен шақырылған сарапшылар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының кеңесшісі Қарғожин Ардақ болды, ол дайындықтың жоғары деңгейі мен көптілді құзыреттердің маңыздылығын атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Байқаудың Гран-при бас жүлдесі Академия тыңдаушысы Ханболатова Дамираға берілді;
1-орынды Академия магистранты Искакова Меруерт;
2-орынды Академия тыңдаушысы Қуатұлы Данияр;
3-орынды Академия магистранты Хабиева Эльвира жеңіп алды.
Ұйымдастырушылар байқаудың Академияның көптілді білім беру ортасын дамытуға қосылған елеулі үлес болғанын атап өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz


