Қылмыстық процестегі жасанды интеллект: тергеудің жаңа көкжиектері

Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары аясында жасанды интеллектті енгізу бойынша цифрлық шешімдерді әзірлеуші – «ITbyDesign» ЖШС директоры Ерғали Мабиевтің «Қылмыстық істерді тергеу барысында ЖИ-ді пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында дәрісі өтті.

Спикер тергеудің әр кезеңінде жасанды интеллектіні қолданудың практикалық мысалдарын ұсынды – жоспарларды жасаудан және жауап алуды автоматты түрде хаттамалаудан бастап, айғақтардағы қарама-қайшылықтарды іздеу және қылмыстың барысын визуализациялау алгоритмдеріне дейін. Қылмысты болжау үшін цифрлық технологияларды пайдалануға ерекше назар аударылды.

Мұндай технологиялар бүгінде тергеушілердің кәсіби дайындығының маңызды бөлігіне айналуда. Оларды енгізу көп эпизодты және күрделі істермен жұмысты едәуір жеделдетуге, дәлелдемелік базаның сапасын арттыруға және үйреншікті операциялар санын азайтуға мүмкіндік береді.

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы жасанды интеллектіні құқық қорғау қызметін тиімділік пен ашықтықтың жаңа деңгейіне шығаруға қабілетті стратегиялық бағыт ретінде қарастырады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz