Академия киберқылмыс бойынша прокурор кадрларын даярлауды күшейтеді

[su_image_carousel source=»media: 26427,26428,26411,26431,26429,26430,26433″ slides_style=»photo» crop=»none» dots=»no» autoplay=»0″ image_size=»full»

22-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы ретінде CASC халықаралық құқықтық ынтымақтастық желісімен бірлесіп, киберқылмыс пен цифрлық қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі консультативтік топтың өңірлік семинарын өткізді.

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шараға Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан прокуратура органдарының қызметкерлері мен Румыниядан келген сарапшылар қатысты.

Семинар бағдарламасы прокуратура қызметкерлерінің киберқылмыстарды тергеу, цифрлық дәлелдемелерді жинау және халықаралық өзара іс-қимыл бойынша кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.  Жекелеген сессиялар өзара құқықтық көмек туралы сұрау салуларды дайындау, цифрлық криминалистикалық сараптамалар жүргізу, криптоактивтерді қадағалау, бұғаттау және тәркілеу мәселелеріне қатысты болды.

Қатысушылар трансұлттық киберқылмыс сын-тегеуріндеріне тиімді ден қою үшін білім мен практикалық құралдар кешенін алды, бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарының халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы әлеуетін нығайтады.