Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағыМемлекеттік басқару академиясына бару туралы

2025 жылғы 21 мамырда қол қойылған Бас прокуратура мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында тараптардың алғашқы сапары өтті.

Бүгін бірінші проректор Қ.Қ. Сейтенов бастаған Құқық қорғау органдары академиясының делегациясы Мемлекеттік басқару академиясында болып академиялық қызмет жөніндегі вице-ректор Э.Н. Оразалиевамен жұмыс кездесуі өтті.

Қ.Қ. Сейтенов Мемлекеттік басқаруа кадемиясының өкілдерін Құқық қорғау органдары академиясының қызметімен және оның басым бағыттарымен таныстырды. Тараптар ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары мен бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылап, одан әрі жемісті өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.