Ғылыми жұмыста уақытты басқарудың тиімді әдістері арқылы заманауи ғалымның уақытын ұтымды ету

2025 жылғы 4 қыркүйекте Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми даму мектебі базасында «Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемесі» курсы шеңберінде сабақ өтті.

Сабақтың тақырыбы қазіргі ғалымның уақытын ұтымды ету әдістері және ғылыми қызметте уақытты басқару құралдарын қолдану болды.

Сабақ з.ғ.д., Академияның бас ғылыми қызметкері Сәбигүл Бекішеваның жетекшілігімен өтті. Дәріскер ретінде Академияның Прокурорлық қадағалау кафедрасының профессоры Д.Х. Найманова сөз алды.

Қатысушылар ғалымдардағы уақыт тапшылығының себептерін, оны ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін қарастырды, сонымен қатар жоспарлаудың тиімді әдістерін игерді. Эйзенхауэр матрицасы, «Помидор» және «Хронометраж» әдістері сияқты уақытты басқару құралдарына ерекше назар аударылды.

Курс өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға, ғылыми жұмысты ұтымды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға және зерттеушілердің өнімділігін арттыруға бағытталған.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz