Ұрпақтар сабақтастығы: тимбилдинг және батпырауық — құстар фестивалі

2025 жылдың 27 тамызында  Академияда Прокуратура органдары ардагерлерінің күні мен Отбасы күніне орай тимбилдинг өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұрпақпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту, команда рухын көтеру, ойындар мен сайыстарға бірлесіп қатысу арқылы жанды қарым-қатынас орнату, сондай-ақ салауатты өмір салтын және отбасы құндылықтарын насихаттау болды.

Тимбилдинг барлық қатысушыларға туған-туыстарымен, достарымен және әріптестерімен бірге өткізген уақыттың қадірін сезінуге мүмкіндік берді. Сайысқа Академияның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінен, олардың отбасыларынан және прокуратура органдарының ардагерлерінен құралған төрт құрама команда қатысты. Балалар үлкендермен қатар белсенділік пен тапқырлық танытса, ардагерлер өздерінің шапшаңдығы мен шынайы командалық рухын көрсетті.

Сайыс нәтижесінде 1-Институттың «Ерлік» құрама командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекенің қорытынды бөлігі Академияда дәстүрге айналған «Батпырауық-құстар фестивалі» болды. Онда әркім бала күнгі әсерге бөленіп, еркіндік пен самғаудың жеңілдігін сезінді. Іс-шара таза ауадағы тамақтануымен аяқталды.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz