Алқабилер сотының ерекшеліктері Академияда талқыланды

2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Алқабилердің қатысуымен сот талқылауының жекелеген аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Пікірталасқа судьялар корпусының, прокуратура органдарының, адвокатураның және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Қатысушылар алқабилер сотының қызметіне байланысты негізгі сын-тегеуріндерді қарастырды, оның ішінде:

— процесте мемлекеттік айыптаушының рөлін нақты нормативтік бекіту қажеттілігі;

— алқабилерді іріктеу және даярлау тәртібін жетілдіру;

— соттың жариялылығы жағдайында олардың тәуелсіздігін және ақпараттық оқшаулануын қамтамасыз ету.

 Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар талқыланған бастамалар құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіру үшін пайдалы болады деген ортақ пікір білдірді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz