Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеуіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты жинау, өңдеу және құжаттау ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курстың мақсаты – жедел-іздестіру іс-шараларының, мемлекетаралық және халықаралық іздестірудің практикалық әдістерін жетілдіру.
Бағдарлама аясында қатысушылар жедел ақпаратты жинау мен өңдеу, тергеу кезінде дәлелдемелерді құжаттау бойынша білім алады. Сабақтарды тәжірибелі оқытушылар өткізеді, өзекті мәселелер мен тәжірибелік аспектілер талқыланады.
Курс соңында тыңдаушылар активтерді қайтару саласындағы жаңа құзыреттерін растайтын сертификаттар алады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz