2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қосшы қаласының прокуратурасымен бірлесіп қаладағы қауымдастық орталығында «Заң және Тәртіп» республикалық акциясы аясында «Адалдық күні» іс-шарасын ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, Заң үстемдігін нығайту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру. Іс-шара барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен қала тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуде Академияның Кәсіби оқыту институтының директоры М.Ш. Абдрахманов, Қосшы қаласының прокуроры Д.И. Исбасаров, сондай-ақ ішкі істер органдарының, әкімдіктің және қоғам өкілдері сөз сөйледі.
Қатысушыларға 2025 жылғы 23 маусымда өткен құқық қорғау органдары алқасының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің негізгі бағыттары, заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері түсіндірілді.
Құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсенді атсалысқан қала тұрғындары Академия мен қалалық прокуратура атынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара мемлекеттік органдар мен халық арасындағы диалогты нығайтуға және қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz