2025 жылғы 25-27 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында синтетикалық есірткілерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үш күндік оқу семинары өтті. Іс-шара БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп, АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Қатысушылар есірткі өндірісінде қолданылатын прекурсорлар мен жабдықтарды анықтау әдістерін меңгеріп, халықаралық тәжірибемен бөлісті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті және өзге де мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты. Қатысушыларға қызметтік жағдайларға барынша жақын практикалық тапсырмалар ұсынылды.
Семинар барысында заманауи технологияларды пайдалану мен тиімді анықтау әдістерін енгізуге ерекше назар аударылды. Мұндай оқу іс-шаралары синтетикалық есірткілерге қарсы ұлттық әлеуетті нығайтуға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге және тәжірибе алмасу үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (701) 512-64-30
Email: 7340104@prokuror.gov.kz