Қарым-қатынас пен көпшілік алдында сөйлеу дағдылары: заманауи прокурор

2025 жылғы 9-13 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Прокуратура қызметкерлерінің коммуникация дағдыларын жетілдіру, масс-медиамен өзара іс-қимыл жасау. Шешендік шеберлікті дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.

Курс мақсаты – заманауи жағдайда тиімді жұмыс істеуге қажетті икемді дағдыларды дамыту. Тыңдаушылар көпшілік алдында сөйлеу, белсенді тыңдау, эмпатия, стрессті төмендету және эмоцияны басқару сияқты soft skills элементтерін меңгереді.

Сабақтарды Академия оқытушылары мен шақырылған сарапшылар өткізеді. Қатысушылар қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен кәсіби өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылап, дағдарыстық жағдайда қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіреді.

Оқуды аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға жаңа құзыреттерді растайтын сертификаттар табысталады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (701) 512-64-30
Email:
7340104@prokuror.gov.kz