Академия сарапшылары ЕҚЫҰ семинарында өз тәжірибелерімен бөлісті

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері 29-30 мамырда Ашхабадта өткен ЕҚЫҰ-ның цифрландыру жағдайында адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық семинарына қатысты.

Академияның кафедра меңгерушісі Жанар Сейтаева адам саудасының жоғары қаупі бар онлайн-алаңдарды анықтаудағы Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті және пайдаланудың жаңа нысандарына дер кезінде ден қоюға мүмкіндік беретін цифрлық іздерді талдау тәсілдері туралы айтты. Ол өз сөзінде: «Біз алаяқтық орталықтардың көбеюін, жарнаманың цифрлануын және құрбандардың профилінің өзгеруін байқап отырмыз. Бұл бізден тергеу және алдын алу құралдарын үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді», — деп баса айтты.

Академияның осындай халықаралық іс-шараларға қатысуы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және шетелдік әріптестермен  тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Академия Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік Хаб ретінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайта отырып және озық тәжірибені Орталық Азияның құқық қорғау органдарының практикасына интеграциялауды қолдай отырып, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дәйекті түрде үлес қосып келеді.

Толығырақ ақпарат ЕҚЫҰ сайтындағы https://www.osce.org/cthb/591911 сілтемеде.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz