Жаңа форматтағы білім беру: Академиядағы интерактивті ойын

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында болашақ прокуратура қызметкерлерін оқытудың заманауи тәсілдері енгізілуде. Тағы бір мысал ретінде алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушылары үшін ұйымдастырылған «60 секунд» интеллектуалды ойыны болды.

Ойын форматы теориялық білімді практикалық міндеттермен үйлестіруге мүмкіндік берді, тыңдаушылар талдау, сыни ойлау, жылдам жауап беру және командалық өзара іс-қимыл дағдыларын көрсететін білім беру ортасын құра білді. Іс-шараға бес команда қатысты, олардың әрқайсысы тек жеңіс үшін ғана емес, сонымен қатар стандартты емес жағдайда кәсіби қасиеттерін көрсету мүмкіндігі үшін күресті.

Ойынның мақсаты позицияны дәлелді түрде қорғау, командада жұмыс істеу, жедел шешім қабылдау және нақты жағдайда құқықтық білімді қолдану сиқты прокурордың кәсіби қызметінде талап етілетін негізгі құзыреттерді дамыту болды.

Төрт раунд пен арнайы капитан туры барысында қатысушылар көшбасшылық қасиеттерді, құқықтық эрудицияны және мәселелерді шешуге креативті көзқарасты көрсете отырып, белсенді түрде өзара әрекеттесті. Ойында 3 взвод жеңіске жетті, команда зияткерлік сайыстың барлық кезеңдерінде өзін сенімді түрде көрсетті.

Мұндай іс-шаралар Академиядағы оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналады, оның жаңа буынның жоғары білікті мамандарын сенімді, құзыретті және заманауи құқықтық ортаның сын-қатерлеріне дайын болуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz