Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Асқар Мұстабеков Академиямен әріптестік озық тәжірибе алмасу және қорғаныс пен қауіпсіздік саласында бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды енгізу үшін берік платформа болатынына сенім білдірді.
Өз сөзінде Академия ректоры Марат Сексембаев 2016 жылдан бері тұрақты тиімділік пен практикалық іске асырудың жоғары дәрежесін көрсетіп келе жатқан өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Мекемелер арасындағы ынтымақтастық ғылыми зерттеулер мен білім беру жобаларына қатысудан бастап сараптамалық пікірлер мен оқыту әдістемесімен алмасуға дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды. Бірлескен жұмыс жылдарында 10-нан астам бастама іске асырылды, олардың әрқайсысы екі тараптың кәсіби дайындығы мен ғылыми әлеуетін нығайтуға үлес қосты.
Бүгін қол қойылған құжат өзара іс-қимыл форматтарын кеңейту үшін жаңа белестер ашады, бірлескен зерттеулерді дамытуға, біліктілікті арттыру бағдарламаларын жетілдіруге және құқық пен қауіпсіздік саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді жауап бере алатын мамандарды даярлауда күш-жігерді біріктіруге бағытталған.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz