Құқық қорғау органдары академиясында докторлық диссертацияларды сәтті қорғау

2025 жылғы 8-10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» бағдарламалары бойынша бес докторанттың диссертациялары қорғалды. Қорғаулар Академияның диссертациялық кеңесінің отырыстарында өтті, мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94-ғимарат.

Диссертациялық зерттеулер құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін қамтыды және Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Ғылыми еңбектерін сәтті қорғады:

1. Балашов Рахматулла Сағламұлы

Диссертацияның тақырыбы: «Шетелден ұрланған активтерді қайтару: тәжірибе, мәселелер және шешімдер»

Ғылыми кеңесшілер: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор О.Б. Филипец және философия докторы (PhD) С.И. Шелухин

Ресми рецензенттер: заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) А.Т. Байсеитова және философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Е.А. Омаров

2. Баймұхаметова Гүлдана Маратқызы

Диссертацияның тақырыбы: «Медиация принциптері қылмыстық сот ісін жүргізудің тиімділік факторы ретінде»

Ғылыми кеңесшілер: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор В.В. Хан және заң ғылымдарының кандидаты Р.А. Амерханов

Ресми рецензенттер: заң ғылымдарының докторы, доцент Ю.В. Козубенко және заң ғылымдарының кандидаты Д.А. Финк

3. Воеводкин Денис Викторович

Диссертацияның тақырыбы: «Халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы құжаттарды қолдан жасаумен байланысты қылмыстарды тергеу әдістемесінің ерекшеліктері»

 Ғылыми кеңесшілер: заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев және заң ғылымдарының докторы, профессор Г.Р. Рустемова

Ресми рецензенттер: заң ғылымдарының докторы, профессор Ж.Р. Дильбарханова және философия докторы (PhD) А.Б. Сейданов

4. Сүлейменов Нариман Әбділхамитұлы

Диссертацияның тақырыбы: «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың теориялық және практикалық негіздері»

 Ғылыми кеңесшілер: заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Бегалиев және заң ғылымдарының докторы, профессор Р.Е. Жансараева

Ресми рецензенттер: заң ғылымдарының докторы, профессор Т.К. Акимжанов және заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Киздарбекова

5. Уәлиева Әсел Мұхаметбекқызы

Диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті құқықтық реттеу»

Ғылыми кеңесшілер: заң ғылымдарының докторы, профессор В.Б. Шабанов және заң ғылымдарының кандидаты Н.Ш. Жемписов

Ресми рецензенттер: заң ғылымдарының докторы, профессор М.А. Аленов және заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б. Омарова

 Жүргізілген зерттеулер заң ғылымы мен практиканың дамуына елеулі үлес қосты, ал олардың нәтижелері Қазақстанның құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

 Құқық қорғау органдары академиясы Ғылыми бастамаларды қолдауды жалғастыруда және құқықтану және құқық қорғау қызметі саласындағы өзекті міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға ұмтылады.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz