Киберқауіпсіздік және «Ақылды қалалар» болашағы: халықаралық аренадағы Академия

Құқық қорғау органдары академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өткен «Kazakhstan Security Systems 2025» қауіпсіздік жөніндегі 11-ші Халықаралық көрмеге қатысты.

Іс-шараға қоғамдық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жетекші компаниялар мен мамандар бірікті. Академия өкілдері құқық қорғау органдарын жарақтандыруға арналған техниканың жаңа әзірлемелерімен, арнайы құралдармен және заманауи жабдықтармен танысты.

Қатысушылар интеллектуалды бейнебақылау жүйелері мен киберқауіптерден қорғау жөніндегі бағдарламалық-аппараттық кешендерді көрсететін стендге назар аударды. Мұндай шешімдер цифрландыру жағдайында құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Көрме аясында «Ақылды қалаларды» басқару және ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша дәрістер мен сараптамалық сессиялар өтті. Мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық тәртіп органдарының қызметіне инновациялық технологияларды енгізу перспективалары талқыланды.

Академияның осындай халықаралық ареналарға қатысуы тәжірибе алмасуға, ғылыми әлеуетті дамытуға және құқық тәртібі мен қауіпсіздік саласындағы болашақ мамандарды практикалық даярлауға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz