Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында интернет желісіндегі есірткі қылмысын анықтауға және есірткі табыстарын заңдастыруды (жылыстатуды) тергеуге арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Оқыту аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тиімді тергеуге мүмкіндік беретін цифрлық талдаудың озық әдістері мен бағдарламалық құралдарды игерді. Қаржы ағындарын талдауға, криптовалюта операцияларына және киберкеңістіктегі қылмыстық схемаларды бақылау әдістеріне ерекше назар аударылды.
Оқытуды Академияның жетекші мамандары жүргізді, олар қатысушыларға есірткі қылмыстарын тергеу бойынша өзекті кейстер мен практикалық ұсынымдар ұсынды. Осының арқасында тыңдаушылар заңсыз кірістерді анықтаудың негізгі индикаторлары және оларды тәркілеудің заманауи тәсілдері туралы құнды білім алды.
Курс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар цифрлық тергеу саласындағы жаңа құзыреттерін растайтын сертификаттар алды. Академия мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізуді жалғастырады, оларды қарқынды дамып келе жатқан технологиялар жағдайында есірткі қылмысына қарсы күрестің тиімді құралдарымен жарақтандырады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz