Білім берудегі жасанды интеллект: Құқық қорғау органдары академиясы оқытушыларға арналған семинар өткізді

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында «Жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Іс-шара К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп ұйымдастырылып, заманауи технологияларды білім беру процесіне біріктіруге мүдделі оқытушылар, зерттеушілер мен мамандар жиналды. Семинардың басты мақсаты оқытуда ЖИ қолдану әдістерін зерделеу және игеру болды, бұл оқыту сапасын арттыруға және оны тиімдірек етуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында қатысушылар теориялық білім алып қана қоймай, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда ЖИ-мен жұмыс істеудің практикалық құралдарын игерді. Академия мен Қазақ ұлттық өнер университетінің жетекші мамандары кәсіби тәжірибелерімен және білім беруде ЖИ технологияларын қолданудың нақты мысалдарымен бөлісті. Цифрлық құралдарды қолдана отырып, оқу материалдарын құру, олардың білім беру процесіне әсерін талдау, сондай-ақ жоғары білім берудегі ЖИ-ді одан әрі дамыту перспективалары мәселелері басты назарда болды.

Семинар соңында қатысушылар озық технологияларды білім беру жүйесіне интеграциялаудың маңыздылығын және заманауи цифрлық құралдарды меңгерген мамандарды даярлау қажеттігін атап өтті. Барлық қатысушылар жаңа құзыреттердің игерілгенін растайтын сертификаттар алды.

Құқық қорғау органдары академиясы оқытушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және оқу процесіне инновациялық технологияларды тиімді енгізуге бағытталған білім беру бастамаларын іске асыруды жалғастырады.