Прокурорлық қадағалау жұмыс үстінде: болашақ заң қорғаушылары қалай оқытылады?

Құқық қорғау органдары академиясы болашақ прокурорларда қадағалау қызметінің практикалық дағдыларын қалыптастыратын білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастыруда. Оқу процесі шеңберінде алғашқы кәсптік даярлық тыңдаушылары Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына барды.

Көшпелі сабақ прокурорлық қадағалау теориясымен танысып қана қоймай, оның іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын көруге мүмкіндік берді. Болашақ прокурорлар УҰИ жұмысын ұйымдастыруды, ұсталғандарды ұстау тәртібі мен шарттарын, изолятор қызметкерлерінің қызметін бақылау жүйесін, тергеуші мен прокурор кабинеттерінің жұмысын зерделеді. Медициналық көмек, санитарлық нормалар, өртке қарсы және эпидемияға қарсы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қамауда ұстау орындарындағы заңдылықты бақылау – прокуратура жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан мұндай сабақтар тыңдаушыларға қызметтің ерекшеліктерін жақсы түсінуге, олардың кәсібилігі мен құқықтық санасын арттыруға көмектеседі.

Академия Астана қаласының Полиция департаментіне білім берудегі бастамаларды қолдағаны және практикалық сабақты ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz