Жастардың ақпараттық, қаржылық, құқықтық сауаттылығы мен мәдени деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және басқа елдердің оқушылары мен студенттері арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиада өтеді.
Олимпиаданы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Халықаралық желілік институт ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының білім алушылары үшін қаржы қауіпсіздігі бойынша V Халықаралық олимпиаданың алдағы кезеңдерінің басталуы шеңберінде «НЕдетские игры: 2.0» тақырыбында сабақтар өткізілді.
Іс-шараға ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттар, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының оқытушылары қаржылық алаяқтықтың заманауи схемалары және олардан қорғану жолдары туралы айтып берді. Қылмыскерлердің жасанды интеллектті пайдалануына ерекше назар аударылады.
Тақырыптық сабақ проблемалық мәселелерді, дамудың негізгі бағыттары мен перспективаларын талқылай отырып, ғылыми пікірталас түрінде өтті.
Талқылау барысында білім алушылар осындай форматтағы іс-шараларды одан әрі өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz