Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі инновациялық технологиялар

Құқық қорғау органдары академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте инновациялық технологияларды қолдану» семинары өтті. Оған прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, әрі қатар Академияның оқытушылары қатысты.

Семинар гибридті форматта (онлайн/офлайн) өтіп, қатысушыларды көбірек тартуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу үшін цифрлық шешімдер, оның ішінде Orbis от Moody’s Corporation аналитикалық платформасын және «Kazdream Special Systems» ЖШС құралдары қоса талқыланды.

Сарапшылар корпоративті құрылымдарды зерттеуге және соңғы бенефициарларды анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық мәліметтер базасының функционалдығын ұсынды. Orbis-ті қаржылық тәуекелдерді бағалау және сыбайлас жемқорлықты анықтау үшін пайдалану жағдайлары көрсетілді.

Қатысушылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін күшейту үшін цифрлық шешімдердің әлеуетін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email:
7171498@prokuror.kz