Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында өз мансабын құқық қорғау органдарымен байланыстырғысы келетін жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері қатысты.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының өзекті міндеттері, мансаптық өсу перспективалары, сондай-ақ Академия ұсынатын кәсіби және білім беру мүмкіндіктері талқыланды.
Қатысушылар құқық қорғау жүйесінің болашақ қызметкерлері үшін құқықтық білімнің, тәртіптің және жоғары кәсіби дайындықтың қаншалықты маңызды екенін білді.
Студенттерге Академия ғимараты мен оқу полигондары бойынша экскурсия жүргізілді, онда олар болашақ мамандарды оқытудың қалай өтіп жатқанын көрді. Сондай-ақ қонақтар жатақхана, асхана, релаксация кабинеті және спорт нысандарын көріп, Академия тыңдаушыларының оқу және тұру жағдайларымен танысты.
Құқық қорғау органдары академиясы Мемлекет басшысы мен Бас прокуратура басшылығының алға қойған міндеттері мен уақыт талаптарына сәйкес келетін заманауи білім беру бағдарламаларын ұсына отырып, жас мамандарды тарту бойынша өз жұмысын жалғастыруда.
Барлық қатысушыларға қызығушылық пен белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Сіздерді Академия тыңдаушыларының қатарында күтеміз!
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz