Марат Когамов Құқық қорғау органдарыакадемиясында дәріс оқыды

Бүгін «Жоғары қонақ» жобасы аясында Құқық қорғау органдары академиясында заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Чекишевич Когамовпен кездесу өтті.

Академияның бірінші проректоры КалиоллаСейтенов іс-шараға қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Ол профессор М. КогамовтыңҚазақстанның заң ғылымы мен заңнамасын дамытуға қосқан елеулі үлесін, сондай-ақ оның құқықтану саласында жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі көп жылдық жұмысын атап өтті.

Кездесу барысында профессор М. Когамов«Қоғам мен мемлекеттің құқықтық жүйесінің қажеттіліктері контекстіндегі өзекті ғылыми зерттеулер» тақырыбында дәріс оқыды. Өз сөзінде ол құқықтық жүйеде практикалық мәселелерді шешу үшін іргелі зерттеулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударды, сондай-ақ тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында құқық қорғау органдары мен заңгерлердің алдында тұрған заманауи сын-қатерлер туралы айтты.

Бұл іс-шара қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Кездесуге Академияның магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатысты. Дәріс заң саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі туралы білімді тереңдетуге ықпал етті және қатысушыларға өздерінің ғылыми жобаларын жүзеге асыру үшін жаңа идеялар берді.

«Жоғары қонақ» жобасы жетекші ғалымдар мен практиктер арасында тәжірибе алмасу үшін білім беру алаңын құруға бағытталған. Осындай іс-шараларды өткізу жоғары оқу орнының білім алушыларының ғылыми құзыреттіліктері мен талдамалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

Құқық қорғау органдары академиясы профессор Марат Когамовқа қызықты әрі мазмұнды дәріс оқығаны үшін алғысын білдіреді және білім беру мен ғылыми бастамалар шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.

Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz