Құқық қорғау органдары академиясында тыңдаушылар қатарына қабылдаудың алғашқы рәсімі өтті. Бұл жаңа дәстүрдің басталуын бейнелейтін және болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің миссиясының маңыздылығын көрсететін оқу орны тарихындағы маңызды кезең.
Салтанатты рәсімге заң мен құқықтық тәртіпке қызмет ету жолына түсетін алғашқы кәсіптік даярлық курстарының жаңа тыңдаушылары жиналды. Академия басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің болашақ қызметкерлерін құттықтап, оларға табандылық пен қажырлық тіледі.
Академия ректоры Марат Сексембаев жиналғандарға: «Академия қабырғасында өткізген уақыт сіздердің болашақ кәсіби қызметтеріңізді қалыптастыруға негіз болатынына сенімдімін», — деген қошеметпен сөз сөйледі.
Іс-шараның маңызды сәті тындаушылардың Академия түлегі атағын абыроймен алып жүруге, моральдық тазалықтың үлгісі болуға, тәртіпті қатаң сақтауға және кәсіби дамуға берілген барлық мүмкіндіктерді пайдалануға дайын екендігі туралы салтанатты уәдесін жариялау болды.
Салтанатты рәсім Академия түлектерінің кеңестерімен бөлісіп, жаңадан келгендерге қолдау білдірген бейне хабарламасын көрсетумен аяқталды. Жаңа тыңдаушыларға берілген вымпел ұрпақтар сабақтастығының және жоғары оқу орнының тарихымен байланыстың символына айналды.
Бұл дәстүрдің енгізілуі Академияның қоғам игілігі үшін қызмет етуге және заңдылық пен әділеттілікті қорғауға дайын құқық қорғау жүйесінің заманауи көшбасшыларын қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсетеді.
Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің лайықты өкілдерін тәрбиелеу жөніндегі өзінің қағидаттары мен миссиясына адал бола отырып, болашақ мамандарды даярлауда жаңа көкжиектер ашуды жалғастыруда.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz