Активтерді қайтару туралы қылмыстық істерді дәлелдеу мәселелері бойынша зерттеу нәтижелері туралы

Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігі: теориялық және қолданбалы аспектілері» атты ғылыми зерттеуді аяқтады.

Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттер, халықаралық тәжірибе, заңнама зерттелді, статистикалық деректер, қылмыстық істер мен үкімдер талданды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен сұхбат алынды.

Алынған деректерге сәйкес отандық заңнама заңсыз кірісті заңдастыруға қарсы іс-қимыл тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деген қорытынды жасалды.

Зерттеу нәтижелері Халықаралық дөңгелек үстелде апробацияланды, Академияның оқу процесіне, Бас прокуратураның норма шығармашылық қызметіне енгізілді және «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС алаңында талқыланды.

8 ғылыми мақала жарияланды (РИНЦ ұсынған басылымдарда – 2, ҚР ҒЖББМ ҒЖББСБК ұсынған басылымдарда – 2, ғылыми іс-шаралар материалдары жинақтарында – 3, ғылыми журналда – 1).

Зерттеу қорытындысы бойынша «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдеу» оқу құралы әзірленіп, Академияның Оқу-әдістемелік кеңес шешіміне сәйкес жариялауға ұсынылды.

Басылым прокурорларға, тергеушілерге, ғалымдарға, тәжірибелі заңгерлерге, және де аталған тақырыпқа қызығушылық танытатындардың барлығына арналған.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz