Сөз құдіреті: болашақ прокурорлар арасындағы шешендік өнер байқауының қорытындысы

Осы жылғы 23 желтоқсанда Құқық қорғау органдары академиясында Бас прокуратураның 2024-2029 жылдарға арналған тіл саясатын арттыру жөніндегі жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған «Шешендік шеберлік» байқауы аяқталды.

Конкурсқа прокуратура органдарына қызметке кіретін алғашқы кәсіптік даярлық курстарының 8-ші легінің тыңдаушылары қатысты. Қатысушыларға сөз сөйлеуге бес минутқа дейін уақыт берілді, оның шеңберінде олар құқық қорғау қызметі мен әлеуметтік-экономикалық саланың өзекті тақырыптарын қамтыды.

Құрамында Академия оқытушылары мен магистранттары бар қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардың білімінің тереңдігін, баяндау қисындылығы мен өзіндік ерекшелігін, проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсына білуін бағалады. Автордың көзқарасы мен ой тұжырымдауының анықтығына ерекше назар аударылды.

Қатысушылардың сөз сөйлеуінің ерекшелігі – өзекті мәселелерді нақты анықтау, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар мен заңдағы олқылықтарды анықтау болды. Жастығына қарамастан, тыңдаушылар шешендік шеберліктің жоғары деңгейін, шешендік өнерін және көпшілік алдында сөйлеуге деген сенімділікті көрсетті.

Қазылар алқасын өзінің кәсіби машығымен таң қалдырған Талғат Назерке Гран-при иегері атанды. Жүлделі орындар мынадай болып бөлінді:

1 орын – Төлепов Нұржан;

2 орын – Ақылбекұлы Дәулет;

3 орын – Сайлаубаев Саламат.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Байқау үздік шешендерді анықтап қана қоймай, прокурорлық қызмет үшін шешендік шеберліктің маңыздылығын атап өтті. Ойды нақты тұжырымдау, аудиторияны сендіру және көпшілік алдында сауатты сөйлеу қабілеті прокуратура органдарында жұмыс істеу үшін қажетті дағды болып табылады.

Құқық қорғау органдары академиясы заманауи құқық қолдану практикасының сын-тегеуріндеріне дайын мамандарды табысты тәрбиелеуді жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz