Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 2024 жылғы 17-18 желтоқсанда Баку қаласында өткен сот-құқықтық дайындықтың түркі желісінің халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шараның тақырыбы құқықтық қатынастардың трансұлттық аспектілері, олардың заманауи сын-қатерлері мен мақсаттары болды.
Конференцияда Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның сот және құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінің өкілдері бірікті. Қазақстандық делегацияны Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев басқарды.
Академия ректоры экологиялық құқық бұзушылықпен күресудің ұлттық және халықаралық тетіктеріне арналған екінші панельдік сессияға модераторлық етті. Ол өз сөзінде экология мен биологиялық әртүрлілікті сақтау халықаралық деңгейде бірлескен күш-жігерді қажет ететін жаһандық міндет екенін атап өтті.
М.Сексембаев Қазақстанның ақбөкен популяциясын қалпына келтіру, табиғи ресурстарды қорғау шараларын күшейту және табиғатты қорғау саласындағы құқық қорғау саласындағы жетістіктерін атап өтті. «Сот-құқықтық дайындықтың түркі желісі тәжірибе алмасу және құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналуда. Біз қол жеткізілген нәтижелерді дамытуға және келесі жылы төрағалық етуші тарап ретінде өзара іс-қимылды күшейтуге дайынбыз», — деді ректор.
Әзірбайжанның Бас прокуроры Камран Алиев конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды. «Судьялар мен прокурорлардың кәсіби дайындығына заманауи технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуге қатысты талқылаулар ерекше мәнге ие болатынына сенімдімін», – деп атап өтті ол.
Конференцияның негізгі қорытындысы Сот-құқықтық дайындықтың түркі желісінің төрағалығын Қазақстанға беру болды. Марат Сексембаев Академияның 2025 жылы ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізіп, білім беру жобаларын іске қосуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Конференция нәтижелі пікірталастармен және екіжақты кездесулермен аяқталды. Қатысушылар ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтуға ниет білдірді. Құқық қорғау органдары академиясы өңірдегі сот-құқықтық қоғамдастықтың білім беру қызметін дамытуға үлес қоса отырып, Түркі желісі аясында белсенді жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz