Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында криминалистика және сот сараптамасы саласындағы үздік мамандар мен болашақ мамандарды біріктірген «Крим-Экс-2024» криминалистика бойынша 11-ші Халықаралық олимпиада өтті.
БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстанның және таяу шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарынан 12 команда жиналды. Олимпиада терең теориялық білімді, практикалық дағдыларды және күрделі сот-медициналық мәселелерді шешудің креативті тәсілдерін көрсетуге арналған жарқын алаңға айналды.
Құқық қорғау органдары академиясының командасы жоғары деңгейдегі дайындық пен кәсіби шеберлікті көрсетіп, құрметті екінші орынға ие болды. Команда қатысушылары криминалистика принциптерін терең түсінуді көрсете отырып, нақты сценарийлерге негізделген практикалық тапсырмаларды сенімді түрде орындады.
«Крим-Экс-2024» халықаралық олимпиадасы тәжірибе алмасу, білім алу және кәсіби құзыреттіліктерді, соның ішінде командалық жұмыс және сыни ойлау дағдыларын шыңдау үшін бірегей мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар құқықтық тәртіп саласындағы заманауи сын-қатерлерді тиімді шеше алатын білікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады.
Құқық қорғау органдары академиясы болашақ құқық қорғау мамандарын даярлаудың жоғары стандарттарын көрсете отырып және криминалистикалық ғылым мен практиканың дамуына үлес қоса отырып, халықаралық аренада өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz