2024 жылғы 4-6 желтоқсан аралығында Қазақстанда Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық оқу орны мәртебесінде салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін ұйымдастырған қаржылық қылмыстарды тергеуге арналған халықаралық семинар өтті.
Семинарға Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген құқық қорғау және фискалдық органдардың қызметкерлері қатысты. Спикерлер ретінде Литва, Молдова, Украинадан келген халықаралық сарапшылар, сондай-ақ ұлттық жаттықтырушылар сөз сөйледі.
Баяндамашылар қаржы қылмыстарымен күресте жаңа технологияларды игерудің маңыздылығын атап өтіп, тақырыптың өзектілігін және осы саладағы ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті.
Іс-шара барысында сарапшылар заңсыз қаржылық ағындарды анықтау және жолын кесу тәжірибесімен бөлісті, криптовалюта қозғалысын талдаудың заманауи трендтері мен құралдарын, сондай-ақ цифрлық активтерді тәркілеу тәжірибесімен таныстырды.
Семинарға қатысушылар іс-шараны ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады және құқық қорғау қызметі саласында тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz