Қолдағы сертификаттар – зор жауапкершілік: Академияның жетінші түлектер тобы кәсіби өмірге жолдама алды

Бүгін, салтанатты жағдайда, алғашқы кәсіптік даярлық курсының 147 түлегі көптен күткен сертификаттарын алып, заң мен әділеттілікті қорғауды алға қоятын прокуратурадағы кәсіби жолға алғашқы қадам жасауға дайындығын көрсетті.

Салтанатты рәсім Академия ректоры Марат Сексембаевтың, Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментінің басшысы Аида Әнуардың, Академияның профессор-оқытушылар құрамының және түлектер туыстарының қатысуымен өтті.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Академия ректоры жас мамандарды оқу кезеңінің сәтті аяқталуымен құттықтап, болашақ заң қорғаушыларын даярлауға елеулі үлес қосқан оқытушыларға алғысын білдірді. «Сіз біздің құқықтық жүйенің болашағысыз. Академия қабырғасында алған біліміңіз бен құндылықтарыңыз кәсіби сын-қатерлермен лайықты күресуге және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға көмектесетініне сенімдімін» — деді жоғары оқу орнының басшысы.

Түлектер басшылыққа, оқытушыларға және жақындарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, оларға берілген сенімді ақтауға дайын екендіктерін білдірді.

Бұл шығарылым бір жылдық оқу форматының соңы болды. 2024 жылдан бастап прокуратураға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін тыңдаушыларды даярлау мерзімі алты айға дейін қысқарды.

Түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз және оларға табыс, денсаулық және Отанға қызмет етуде жаңа биіктерге жетуге сенімділік тілейміз!

Академия өз миссиясын – Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғайтын мамандар даярлауды жалғастыруда.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz