2024 жылғы 13 қарашада Құқық қорғауоргандары академиясы АҚШ Мемлекеттікдепартаментінің INL бюросының Бағдарламакеңесшісі Кайл Оджиманы және АҚШ-тыңҚазақстан Республикасындағы ЕлшілігініңХалықаралық есірткіге қарсы күрес жәнезаңдылықты сақтау бөлімінің (INL) қызметкерлерінқарсы алды.
Кездесу барысында Академия ректоры Марат Сексембаев ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанның құқық қорғау органдары кадрларының біліктілігін арттыруға қосқан қолдауы мен елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.Жаһандық қауіп-қатерлерге және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан мен Орталық Азия мамандары үшін бірлескен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды қоса алғанда, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылауға басты назар аударылды.
INL Бюросының бағдарламалар кеңесшісі Кайл Оджима трансұлттық қылмысқа қарсы күресте бірлескен күш-жігердің маңыздылығын «Біз Қазақстанның Құқық қорғау органдары академиясымен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және бірлескен жобаларымыз арқылыаймақтағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптіңнығайуына ұмтыламыз. Есірткі қылмысына, киберқауіптерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс—қимыл сияқты маңызды салаларда бірлескен оқыту бағдарламалары мен іс-шараларын іске асыру – бұл біздің елдеріміздің тұрақты болашағына инвестиция» деп атап өтті.
Кездесудің негізгі аспектілері есірткі қылмысына, киберқылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, адам саудасына және азаптауға қарсы күреске, сондай-ақ қаржылық тергеулер жүргізуге және елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға бағытталған серіктестік бастамалар мен жобаларды қозғады. Академия аталған салаларда мамандар даярлауды тереңдетуге бағытталған білім беру бағдарламалары мен іс-шараларды іске асыруды жалғастырады.
Кездесу қорытындысы бойынша білім беру процесін жетілдіруге және кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал ететін іс-шараларды одан әрі іске асыруға бағытталған бірлескен жобалар шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz