Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Абайдың «Толық адам» концепциясына арналған «Адам бол: Өзіне сен» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара «Мәдениет университеті» жобасы аясында ұйымдастырылды және оған Академияның тыңдаушылары мен қызметкерлері жиналды.
Кештің арнайы қонағы Назарбаев Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Гүлтас Құрманбай болды. Ол Абай тұжырымдамасын терең түсіну туралы айтып, өзін-өзі дамыту, еңбекқорлық және ішкі сенімділік принциптерінің маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде қазіргі басқару, білім беру және отбасы институттарын дамыту үшін Абай идеяларының маңыздылығын атап өтті. Ұлы ақынның «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей» және «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген поэзиясы мен тәлім-тәрбиелерінен үзінділер оқыды.
Академия магистранттары Абай шығармаларын жатқа айтып, оның мұрасына деген құрметтерін танытты. Кеш профессормен және қатысушылармен бірлескен фотосессиямен аяқталды.
Іс-шара қатысушылардың жүрегінде жарқын із қалдырып, Академия тыңдаушыларының мәдени баюына және дүниетанымын кеңейтуге, олардың еліміздің рухани мұрасына деген қызығушылығын арттыруға үлес қосты.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz