Академияның жаңа тренингі: Қазақстандағы алқабилер сотын нығайту

Бүгін Астанада Қазақстандағы алқабилер соты институтын нығайтуға және судьялардың, прокурорлар мен адвокаттардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында жаттықтырушыларға арналған үш күндік тренинг басталды. Іс-шара Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» Қоғамдық қоры іске асыратын «Қазақстандағы судьялардың, прокурорлардың және адвокаттардың әлеуетін арттыру жолымен алқабилер сотын нығайту» жобасы шеңберінде өткізіледі.

Тренингті құқықтық саясатты зерттеу орталығы, Құқық қорғау органдары академиясы, Республикалық адвокаттар алқасы және Сот төрелігі академиясы ұйымдастырды.

Құқық қорғау органдары академиясының проректоры Қалиолла Сейтенов тренингтің ашылуында сөйлеген сөзінде алқабилер соты институтын дамытудың маңыздылығын және сот ісін жүргізуге қатысушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ бұл тренинг әртүрлі құқықтық институттар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтіп, жобаны іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін іс-шараны ұйымдастырушылар мен серіктестерге алғысын білдірді.

Тренинг бағдарламасы құқықтық аспектілерді қарастыруды ғана емес, сонымен қатар шешендік дағдыларды, психологиялық әдістерді қолдануды және сотта тараптардың өзара іс-қимылын үйретуді қамтиды.

Академия белсенді қолданатын оқытудың тренингтік форматы тыңдаушыларға мемлекеттік айыптауды қолдауда өз шеберліктерін жетілдіруге көмектеседі, бұл құқық қорғау органдарының сапалы дамуына және олардың қоғам мүдделерін қорғау қабілеттеріне ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары академиясы сот ісін жүргізуге қатысушылардың кәсібилігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастыра отырып, Қазақстандағы алқабилер соты институтын нығайту жөніндегі күш-жігерді қолдауды жалғастырады.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 615-41-81
Email: 7171498@prokuror.kz