«Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 1 қараша күні сағат 14:00-де өтетін «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияда құқық қорғау және заң ғылымындағы ең өзекті мәселелер мен заманауи міндеттер талқыланады. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысады.

Талқылауға арналған тақырыптарға құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін арттыру, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дамыту перспективалары және қылмысқа қарсы күресте цифрлық технологияларды пайдалану кіреді.

Өтетін орны: Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы қ., Республика даңғылы, 94 ғимарат.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін 2024 жылдың 30 қазанында сағат 14:30-ға дейін 7171498@prokuror.kz электрондық пошта арқылы немесе 8778 615 4181 (Тимур Авенов) телефонына хабарласыңыз.

Сонымен қатар конференция ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде көрсетіледі, сілтеме іс-шараның өтетін күніне жақынырақ орналастырылады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса 7171134@prokuror.kz электрондық пошта арқылы немесе 8705 664 7932 (Дина Каиржанова) телефонына хабарласуға болады.