Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық пен қанауға қатысты жасырын қылмыстарды анықтау және тергеу мәселелері бойынша семинар өтті.
Іс-шара Академияның Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігімен ынтымақтастығы аясында және Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісімді жүзеге асыру негізінде ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – осы сипаттағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеу және құқық қорғау органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Семинарға құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын халықаралық сарапшылар қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыптары гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, жыныстық қылмыстарды тергеу саласындағы Қазақстанның мемлекеттік саясаты мәселелеріне, сондай-ақ қанауға қарсы күрестің практикалық аспектілеріне арналған.
Қатысушылар халықаралық тәжірибені талдауға, атап айтқанда, Soteria операциясын және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды тергеудің ұлттық операциялық үлгілерін зерттеуге ерекше назар аударды.
Семинарды Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делегациясының басшысы Алешка Симкич аяқтады, ол гендерлік зорлық-зомбылықпен күресте үйлестірілген ведомствоаралық тәсілдің маңыздылығын және осы саладағы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.
Іс-шараның нәтижесі уәкілетті құрылымдардың әлеуетін арттыруға және Қазақстандағы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейтуге бағытталған одан әрі іс-қимылдардың жол картасын жасау болды.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі