Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан халқының тілдері күніне арналған жыл сайынғы «Тіл шебері – 2024» байқауын ұйымдастырды. Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген тындаушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ болашақ мамандар арасында көптілділікті насихаттау мен тіл мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.
Байқауға 21 мен 35 жас аралығындағы 12 үміткер қатысып, үш тілде үздік білімдерін көрсетті. Қатысушылар Қазақстан тарихы мәселелерінде өздерінің эрудициясын, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді меңгеру қабілетін көрсетті, сонымен қатар «Жаңа Қазақстандағы құқықтық кеңістікті қалыптастырудағы мемлекеттік тіл және оның рөлі» деген тақырыпта эссе жазды. Есіл университетінің кафедра меңгерушісі Асқар Қалиев бастаған құзыретті қазылар алқасы тілдерді меңгеру деңгейін, сауаттылығын және қазіргі тіл нормаларына сәйкестігін бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша:
Гран-при – Талғат Назерке (алғашқы даярлық тындаушысы);
I орын – Төлепов Нұржан (алғашқы даярлық тындаушысы);
II орын – Сабиева Мира (1 курс магистранты);
III орын – Тұрлыбекова Мадина (алғашқы даярлық тындаушысы) жеңімпаз деп танылды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бұл жыл сайынғы іс-шара Академия өмірінің маңызды бөлігіне айналды, тілдерді үйренуге деген қызығушылықты арттыруға және мәдени көптілді ортаны нығайтуға ықпал етті. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен тындаушылары байқауға қатысушыларды белсенді түрде қолдады.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі