Құқық қорғау органдары Академиясындағы сөз шебері байқауы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тіл саясатын дамыту жөніндегі 2024-2029 жылдарға арналған жоспарын іске асыру аясында Құқық қорғау органдарының академиясында тыңдаушылардың қатысуымен сөз шебері байқауы өткізілді.

Қазылар алқасының құрамында Бас прокуратураның өкілдері мен Академияның тәжірибелі қызметкерлері болып, қатысушыларды әртүрлі критерийлер бойынша бағалады.

Байқаудың мақсаты тыңдаушылардың шешендік өнер саласындағы әлеуетін жүзеге асыру және олардың мемлекеттік тілдегі шығармашылық даралықтарын дамыту болды. Тыңдаушылар прокурордың қоғамдағы рөлі, болашақ көшбасшыларды қалыптастыру, прокуратура қызметкері мамандығын танымал ету тақырыптарында сөз сөйледі. Жекелеген баяндамалар қылмыстық, әкімшілік және азаматтық сот ісін жүргізудегі шешендік өнерге қатысты болды. Қатысушылар жоғары деңгейдегі көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметінде шешендік өнер маңызды рөл атқарады. Ең алдымен, шешендік өнерді сенімді меңгеру прокурорларға сотта өз ұстанымдарын тиімді жеткізуге және дәлелдеуге көмектеседі.

Сонымен қатар, шешендік өнер азаматтармен табысты қарым-қатынасқа ықпал етеді. Прокурорлар мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері көпшілік алдында жиі сөз сөйлеп, заң талаптарын түсіндіріп, заңдылық пен тәртіп туралы хабарлап, алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Өз ойларын нақты жеткізу мен түйінделген шешімдерді ұсына білу тиімді топтық жұмыс жүргізуге және негізделген шешім қабылдауға ықпал етеді.

Мұндай іс-шараларды өткізу тыңдаушылардың көпшілік алдында сөйлеу әлеуетін жүзеге асырып, олардың шешендік өнерлерін дамытады.  Кездесу қорытындысымен жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі