Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында келесі білім беру бағдарламалары бойынша бос орындардың бар екендігін хабарлаймыз:

— 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми-педагогикалық бағыт) – 1 бос орын;

— 8D12302 «Құқық қорғау қызметі» (бейінді бағыттағы) қашықтан оқыту – 1 бос орын.

Сонымен қатар аталған бос орындарға Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының ведомстволық оқу орындарының білім алушылары үміткер бола алады.