Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні: Академия деректі фильм көрсетті

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шара өтті. Академия тыңдаушылары мен қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі қайғылы оқиғаларды қамтитын «Есте сақтау үшін» деректі фильмі көрсетілді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – репрессиялық саясаттың салдарынан зардап шеккен миллиондаған жазықсыз адамдарды еске алуға мүмкіндік беретін қоғамымыз үшін маңызды күн. Шара барысында қатысушылар қуғын-сүргіннің ауқымы мен салдарын тереңірек түсініп қана қоймай, болашақта осындай қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алды.

Фильм бірегей мұрағаттық материалдар мен өз көзімен көрген куәлардың сөздеріне сүйене отырып, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың оқиғалары мен тағдырын нақты көрсетуге мүмкіндік берді.

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін кезеңі XX-ғасырдың 20-шы 50-ші жылдары аралығындағы бірнеше онжылдықты қамтиды. Осы кезеңде он мыңдаған қазақстандықтар тұтқындалды, сотталды және жер аударылды, олардың көпшілігі қайтыс болды. Репрессия қоғамның барлық сатыларына – зиялы қауым мен жұмысшы табына әсер етті. Тарихымыздың бұл қасіретті кезеңі тоталитарлық режимнің қатыгездігінің және адам құқықтары мен бостандықтары үшін күресу қажеттілігінің символына айналды.

Еске салайық, 1997 жылы 5-сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланған болатын.

Құқық қорғау органдары академиясында мұндай шараларды өткізудің маңызы зор. Олар болашақ және қазіргі құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тарихы мен маңыздылығын терең түсінуге ықпал етеді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қоғам болашақта осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керектігін еске салады.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспа қызметі