Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Тұран» университеті, «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясы 2024 жылғы Қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық олимпиадаға іріктеу турын өткізеді.
Олимпиада жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздіктің заманауи трендтерін көрсетуге, қаржы саласындағы тәуекелдер мен қатерлерге қарсы тұруды үйретуге арналған.
Олимпиадаға құқықтану, экономика, қаржы және есеп, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 2-3 курс студенттері мен ғылыми-педагогикалық бағыттағы 1-курс магистранттары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысудан бұрын қатысушылар міндетті түрде сауалнаманы толтыруы керек.
Іріктеу туры онлайн және оффлайн форматта қазақ, орыс тілдерінде (қатысушылардың қалауы бойынша) өткізіледі. Іріктеу турына қатысу тегін.
Іріктеу туры Ережеге сәйкес 2 кезеңде өткізіледі: тестілеуден өту (1-кезең) және эссе жазу (2-кезең). 1-кезеңнен сәтті өткен жағдайда қатысушы іріктеу турының 2-кезеңіне қатысу құқығына ие болады.
2-ші іріктеу турының жеңімпаздары «Сириус» федералды аумағында (Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесі) орыс тілінде өтетін Олимпиаданың соңғы кезеңінде өздерін көрсете алады.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамыр сағат 09:00-ден 10 мамыр сағат 13:00-ге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының сайтында мына сілтеме бойынша ашық болады https://reg.olymp.academygp.kz/
2024 жылғы 1-10 мамыр аралығында тіркелу.
1-ші кезеңін өткізу күні — 2024 жылғы 13 мамыр.
1-ші кезеңінің нәтижелері — 2024 жылғы 15 мамыр.
2-ші кезеңнің өтетін күні — 2024 жылғы 20 мамыр.
2-ші кезеңнің нәтижесі — 2024 жылғы 22 мамыр.
Апелляция — 2024 жылғы 23 мамыр.
Олимпиаданың қорытындысын шығару 2024 жылғы 28 мамырда өткізіледі.
Олимпиада бойынша толық ақпарат https://sodrujestvo.org/ru, https://rosfinolymp.ru/ сайтында орналастырылған.
Қаржы қауіпсіздігі жөніндегі Халықаралық олимпиадаға іріктеу турының қатысушылары бірінші кезеңнен өтті.
Іріктеу кезеңінің шарттарына сәйкес өту ұпайын (50 ұпай) жинаған қатысушылар эссе жазудың екінші кезеңіне жіберіледі.
Екінші кезеңге өткен қатысушыларды құттықтаймыз!
Естеріңізге сала кетейік, екінші кезең 2024 жылдың 20 мамырында сағат 10:00-де өтеді.
Екінші кезеңге қатысу туралы ақпарат іріктеу турына қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.
Қатысқаныңыз үшін рақмет!
Ұйымдастыру комитеті.
2024 жылдың 22 мамырында Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиадаға іріктеу турының 2-ші кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Қатысушылар таңдаған тақырыптар бойынша эссе жазды.
Эсселердің бірегейлік тұрғысынан тексеруден, сондай-ақ мәлімделген критерийлер бойынша сараптамалық бағалаудан өтті.
Қатысқаныңыз үшін рақмет!
Ұйымдастыру комитеті.
Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиадаға іріктеу турының нәтижелері
2024 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиадаға (бұдан әрі – олимпиада) іріктеу туры аяқталды.
Нәтижелер бойынша 2024 жылғы 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Ресей Федерациясында (Краснодар өлкесі, «Сириус» федералдық аумағы) олимпиаданың финалдық кезеңінде Қазақстан Республикасының атынан қатысатын команда құрамасының 10 мүшесі және 2 резервист анықталды.
Команда құрамының мүшелері:
1. Д.А. Абдулшаева
2. И.М. Каландаров
3. А.А. Нугманов
4. Ф.Р. Жаңабаев
5. Л.Б. Сейшонло
6. К.А. Аманжол
7. А.Ж. Мамырбаев
8. Д.А. Ефимов
9. С.Ү. Исметилла
10. Т.С. Тулеев
Резервисттер:
1. М.И. Ризабек
2. Р.Т. Дандыбаев
Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары Қаржы мониторингі академиясының «AML ACADEMY» базасында қашықтан оқытудан өтеді.
Тренинг туралы ақпарат қатысушыларға қосымша (электрондық пошта арқылы) беріледі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, олимпиаданың финалдық кезеңінде сәттілік пен жемісті нәтижелер тілейміз!
Ұйымдастыру комитеті
Жауапты тұлғалар:
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы
Рахметоллов Аскар Канатович – Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы
+77756518028
E-mail: 7171340@prokuror.kz
2. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Кусаинова Лариса Канатовна – қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі
+77027797673
E-mail: klarisa_777@mail.ru
3. «Тұран» университеті
Селезнева Ирина Владимировна – «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
+77015556067
E-mail: i.selezneva@turan-edu.kz
4. «AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясы
Кусаинов Дархан Шыныбекович – оқыту және біліктілікті арттыру орталығының жетекші сарапшысы
+77015126680
E-mail: kussainovd@mail.ru