Академия «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында Құқық қорғау органдары академиясының аумағында сенбілік өтті. Бұл іс-шара қоршаған ортаны жақсартуға және жаңа ағаштарды отырғызуға бағытталған.

Академия ректоры Марат Сексембаев акцияға жеке өзі қатысып, экологиялық мәдениет пен болашақ құқық қорғау органдарының жауапкершілігін қалыптастыру үшін осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті. «Табиғатты қорғау өзімізден басталады және әрбір отырғызылған ағаш еліміздің болашағына айтарлықтай үлес қосады», – деді ол іс-шараның ашылуында.

Сенбілікке Академияның барлық қызметкерлері мен білім алушылары қатысты. Барлығының ынта-жігері мен белсенді қатысуы достық және жағымды атмосфераны құруға ықпал етті. Жалпы күш-жігермен қырықтан астам жас ағаш отырғызылып, Академияның айналасы жасыл және одан әрі жайлы бола түсті.

Сенбілік бірлескен іс-әрекеттің қоршаған орта мен қоғамда айтарлықтай оң өзгерістерге әкелуі мүмкін екендігінің жарқын мысалы болды.

Сенбіліктер мен ағаш отырғызу біз үшін дәстүр болып табылады. Құқық қорғау органдары академиясы табиғат пен тазалықты сақтауға деген адалдығын баса көрсете отырып, осындай бастамаларға қатысуды жалғастырады.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі