Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында еліміздің 18 өңірінен келген прокурорлардың біліктілігін арттыру курстары аяқталды. Іс-шара қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау және айыптау актілерін әзірлеу бойынша тәжірибе алмасуға және кәсіби дағдыларды арттыруға бағытталған.
Курстардың тақырыптары қарқынды реформаланып жатқан қылмыстық заңнамаға бейімделу және қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу қажеттілігінен туындайды. Бағдарламада жасырын қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, статистикалық мәліметтерді манипуляциялау және айыптау актілерін жасаудағы жиі кездесетін бұзушылықтар сияқты өзекті мәселелерді талқылау қамтылды. Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауда қолданылатын ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері де қарастырылады.
Дәріс берушілер ретінде Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері және Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы болды, олар қылмыстық істерді қарау және саралау ерекшеліктері туралы айтты.
Іс-шараның қорытынды бөлімі дөңгелек үстел өткізу болды, онда қатысушылар тренинг нәтижелерін талқылап, одан әрі дамытуды қажет ететін негізгі проблемалық мәселелерді анықтады.
Курстарды аяқтағаннан кейін тындаушыларға сертификаттар, Академияның Прокурорлық қадағалау кафедрасы әзірлеген дәрістер жинағы және әдістемелік ұсынымдар табыс етілді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі