Портсмут университетімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Құқық қорғау академиясы Портсмут университетінің (Англия) Криминология және қылмыстық сот төрелігі мектебі жанындағы киберқылмыс және экономикалық қылмысқа қарсы күрес орталығының директоры, профессор Марк Баттонның сапарын қуана хабарлайды.

Сапар барысында екі тарап ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастықты орнатуға және тереңдетуге қызығушылық танытты. Кездесу нәтижесінде киберқылмыс пен экономикалық құқық бұзушылықпен күрес саласындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің негізін қалаған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

ЖОО-ның ректоры Марат Сексембаев Меморандумға қол қою оқу орындары арасындағы одан әрі табысты ынтымақтастыққа ықпал ететінін және ортақ мақсаттарға жету жолындағы бірлескен қадам болатынын атап өтті.

Профессор Марк Баттон – «Біз үлкен қызығушылықпен қазақстандық құқық қорғау жүйесіндегі прогрессивті өзгерістерге үлес қосамыз, сонымен қатар киберқылмыспен күрес саласындағы тәжірибе мен жетістіктермен бөлісуге дайынбыз» деп, ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Келісім аясында бірлескен іс-шаралар өткізу, ғылыми жетістіктер мен өзекті ақпарат алмасу, сондай-ақ оқытудың озық технологияларын пайдалану жоспарлануда. Тараптар қол қойылған Меморандум екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қосымша серпін беретініне сенімді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі