Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ашық ақпарат көздерін пайдалану бойынша тренинг

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісімен (ACN) ынтымақтастықта ұйымдастырылған үш күндік тренинг аяқталды.

Іс-шара қатысушылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу және ашық ақпарат көздерінің құралдарын пайдалану саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге бағытталған.

Тренинг бағдарламасы бірқатар сессияларды қамтыды, оның барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, ақшаны жылыстатуда үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды, сондай-ақ ашық көздер арқылы сыбайлас жемқорлық схемаларын тергеудің әдістері мен құралдарын зерттеді. Қатысушыларға теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берген сыбайлас жемқорлық туралы гипотетикалық істер бойынша жұмысты қоса алғанда, практикалық аспектілерге ерекше назар аударылады.

Бағдарламаның маңызды бөлігі халықаралық сарапшылардың, соның ішінде ұйымдасқан қылмысты тергеу тәжірибесімен бөліскен Италиядан келген Андреа Де Томмазоның, сондай-ақ ақшаны жылыстатумен күресудің ең жақсы тәжірибелері туралы айтқан Латвиядан келген Улдис Цинкманистің сөйлеген сөздері болды.

Тренинг сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті және қазақстандық құқық қорғаушылардың заманауи технологиялар мен тергеу әдістерін пайдаланудағы біліктілігін арттыруға ықпал етті. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар курсты меңгергені туралы сертификаттар алды.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі