Академияда жәдидшілдік туралы дәріс өткізілді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің түркология кафедрасының докторанты Камила Амуртаевамен идеологиялық, тәрбиелік және психологиялық жұмыс аясында «Жәдидшілдік: тілдің, ойдың және істің бірлігі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріскермен баяндалған тақырыбы Орталық Азиядағы тарихи процестерді, мәдени өзара іс-қимылдарды және заманауи өзгерістерді түсіну үшін өзекті және маңызды. Іс-шара барысында дәріскер жәдидшілдік қозғалысының тарихи-мәдени маңызына, оның қоғамдық-мәдени, саяси-құқықтық құндылықтардың қалыптасуына терең талдау жасады.

Білім алушылар және профессорлық-оқытушылық құрам талқылауға  белсенді түрде қатысып, талқыланып жатқан мәселе бойынша сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді, бұл тақырыптың маңыздылығын және аудиторияның қызығушылығын көрсетеді.

Іс-шара магистранттардың Орталық Азияның мәдени мұрасы туралы білімдерін тереңдету мен кеңейтудегі маңызды қадам болды, сонымен қатар олардың қазіргі қоғам мен ұлттық бірегейлік үшін тарихи процестердің маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етті.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі