Академияның магистранттары «Жас ғалымдар форумында» бірінші орынды иеленді

2024 жылғы 12 сәуірде Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында өткен әскери арнайы оқу орындарының жыл сайынғы «Жас ғалымдар форумында» бірінші орынды иеленді.

Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған Форумға түрлі оқу орындарының жас зерттеушілері жиналды.

Аталған іс-шарада Академияның 2 курс магистранттары Гүлден Шекенова мен Олжас Мұсағали ғылыми шеберлік танытып, топтық жарыстарда бірінші орынға ие болды.

Барлық делегаттар белсенді қатысқан форумға ғылыми тренингтер, топтық networking-сессиялар, сондай-ақ салауатты өмір салты марафоны кірді. Іс-шара қорытындысы бойынша магистранттар жетістіктері мен белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жетістік Құқық қорғау органдары академиясының өз білім алушыларының ғылыми қызметін және кәсіби дамуын қолдауға деген ұмтылысын тағы да атап көрсетеді, бұл құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.

Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге құжаттарды қабылдау осы жылдың 25 шілдесіне дейін жалғасатынын еске саламыз. Еліміздің үздік ведомстволық заң жоғары оқу орнында оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі