Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жаттықтырушылар

Бүгін адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлау жобасы аяқталды.

2023 жылғы қыркүйектен бастап Құқық қорғау органдары академиясы Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесе отырып, INL/АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қаржылық қолдауымен сот жүйесінің, прокуратураның, ұлттық қауіпсіздік және полиция органдарының ведомстволық жоғары оқу орындарынан ұлттық жаттықтырушыларға кандидаттарды оқытуды жүргізді.

Әзірленген оқу модульдерінің презентациясына және ұлттық жаттықтырушылардың сертификаттарын тапсыру рәсіміне Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон ұйымының субөңірлік үйлестірушісі, ХКҰ-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы Миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы Павел Поливанов және профессор Марат Когамов қатысты.

Оқыту барысында жобаға қатысушылар төрт тренинг барысында көші-қон және адамдарды заңсыз пайдалану саласындағы халықаралық заңнаманың негіздерін, оны ұлттық құқық шеңберінде енгізу ерекшеліктерін кезең-кезеңімен зерделеп, адам саудасы саласындағы негізгі әлемдік үрдістермен танысты.

Болашақ ұлттық жаттықтырушылар мемлекеттік-құқықтық саясаттағы адам саудасы құрбандарының мүдделеріне бағдарланған тәсілдер туралы білді, Қазақстанның құқық қолдану практикасында халықаралық актілер нормаларын қолдануды талқылады, адам саудасы құрбандарымен жұмыс істеу кезінде жарақатқа бағытталған және гендерлік-сезімтал тәсілдерді қолдануға машықтанды.

Адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеудің ерекшеліктері де зерттелді. Қылмыс механизмімен, типтік тергеу жағдайларымен, жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізумен, арнайы білімді пайдалану мүмкіндігімен және т.б. танысты.

Соңғы кезеңде андрагогиканың айрықша ерекшеліктері, жаттықтырушының қасиеттері және оқуға қатысушылардың психологиясы қарастырылды, оқытуда шешендік өнердің дағдылары жақсарды, оқу сабақтарының материалдарымен көрнекілік жасауға және байланыс орнатуға машықтанды.

Бұл жоба мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, Қазақстанда және одан тыс жерлерде адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі стратегияның бір бөлігі болып табылады.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі